Қоғам

Жаңа Конституция қабылданса парламенттің өкілеттігі қашан тоқтайтыны белгілі болды

Қазіргі парламент 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жұмыс істеуі мүмкін.

Қазақстанның қазіргі парламенті референдумда жаңа Конституция қабылданса, 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Конституциялық сотқа сілтеме жасап.

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы жарияланды. Ол 15 наурызда өтетін референдумға шығарылады.

95-бапқа сәйкес, 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Парламенті өз өкілеттігін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатады.

Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс және ол екі ай ішінде өткізілуге тиіс.