Саясат

Референдум өткізуге қаражат қайдан алынатыны белгілі болды

Қаржы вице-министрі республикалық референдум өткізуге қаражат Үкімет резервінен алынатынын айтты.

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков республикалық референдум өткізуге қаражат Үкімет резервінен алынатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, референдумға жұмсалатын қаражат мөлшерін атай алмайды. Өйткені әлі қаражат сомасы көрсетілген өтініш түспеген.

«Орталық сайлау комиссиясына хабарластық. Бюджетке сұранымды бүгін немесе ертең жіберетін болды. Қаражат Үкімет резервінен алынады», – деді Темірбеков.

Айта кетейік, жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты республикалық референдум 2026 жылдың 15 наурызында өтеді.