Әйел күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы тағайындалды
Жәмилә Бақбергенованың жеке бапкері әйелдер күресінің аға жаттықтырушы болды.
Нұрсұлтан Теміров әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Күрес федерациясының мәліметінше, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрсұлтан Теміров еңбек жолын 2014 жылы бастаған.