Басты жаңалықтар

Алматыда 1 сәуірден бастап жылу мен ыстық су тарифі қымбаттайды

Алматыда жылыту маусымы аяқталған соң коммуналдық қызмет құны артады.

1 сәуірден бастап Алматыда жылу энергиясы мен ыстық су тарифтері шамамен 10% өседі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматыда жылыту маусымы аяқталған соң коммуналдық қызмет құны артады. 1 сәуірден бастап халық үшін жылу энергиясының тарифі қазіргі 7 503,35 теңгеден 8 240,25 теңгеге (қосымша құн салығынсыз) дейін өседі.

Төлем көлемі үйде есептегіш құралдың бар-жоғына байланысты есептеледі. Есептегіші бар үйлерде тариф 8 088,18 теңге/Гкал болады (қазір 7 364,88). Ал есептегішсіз үйлерде бір гигакалория 9 888,30 теңгеге дейін қымбаттайды (қазір 9 004,01).

Бұл өзгеріс ыстық су қызметіне де әсер етеді. Көпқабатты үйлерде бір адамға ай сайынғы төлем жылыту кезеңінде 1 937,91 теңгеден 2 114,65 теңгеге дейін ұлғаяды. Ал жеке есептегіші бар пәтерлерде ыстық судың бір текше метрі 612,68 теңге болады (қазіргі баға – 561,76 теңге).

Сонымен қатар бюджеттік ұйымдар үшін тарифтер керісінше 26 681,50 теңгеден 23 642,11 теңгеге дейін төмендейді. Ал бизнес субъектілері үшін өсім шамамен 1,7%-ды құрап, 14 586,13 теңге/Гкал деңгейінде белгіленген.