Қоғам

14 ақпан алданып қалмаңыз: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

ІІМ "Ғашықтар күні" мерекесінде алданып қалмауға шақырды.

Ішкі істер министрлігі 14 ақпан күні «Ғашықтар күні» мерекесіне байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Романтикалық тосынсый қаржылық шығынға батырмас үшін қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екенін мәлімдеді.

ІІМ мына ережелерді қатаң ұстануға кеңес береді:

  • тауарды тек сенімді, тексерілген сайттар мен ресми маркетплейстер арқылы сатып алыңыз;
  • әлеуметтік желілердегі немесе мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
  • шектен тыс төмен баға ұсынылса, абай болыңыз — бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін;
  • сатушыдан тауардың нақты бар екенін растауды сұраңыз;
  • бейнеқоңырау арқылы тауарды, сондай-ақ дүкеннің нақты мекенжайын көрсетуді өтініңіз. Алаяқтар көбіне мұндай талаптан жалтарып, оның орнына геолокация немесе өңделген фото жібереді;
  • төлем жасау кезінде сақ болыңыз: ақшаны жеке шоттарға немесе күмәнді төлем жүйелеріне аудармаңыз;
  • жеке деректеріңізді қорғаңыз. Бөгде адамдарға ешқашан парольдерді, SMS-кодтарды, CVV-кодты және банк картасының толық мәліметін бермеңіз.

«Есіңізде болсын: шынайы сатушы асықтырып, қысым көрсетпейді және алдын ала толық төлемді талап етпейді. Кез келген күмәнді жағдайда мәміледен бас тартқан дұрыс», – деп ескертті ІІМ.