Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында интернет арқылы есірткі сатқан11 адам қолға түсті

Алматы облысында  интернет арқылы есірткі сатқан11 адам қолға түсті
Сурет: видеодан скриншот
Алматыда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды.

Алматы қаласы мен Алматы облысында интернет арқылы синтетикалық есірткі таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық топтың 11 қатысушысы ұсталды. Олардың қатарында ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржылық жағынан қамтамасыз еткен тұлғалар бар.

Арнайы операция кезінде заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар