Бибісара Асаубаева табысы жоғары 10 әйел шахматшының қатарына енді
Бибісара Асаубаева жыл соңына дейін 110 000 доллардан астам табыс тапты.
Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева табысы жоғары 10 әйел шахматшының қатарына енді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Forbes.ru-ға сілтеме жасап.
Рейтингке сәйкес, Бибисара жетінші орында. 21 жастағы спортшы жыл соңына дейін 110 000 доллардан астам табыс тапты.
"Бибисара блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жетті, сондай-ақ Grand Swiss турнирінде үшінші орын алды. Сонымен қатар Асаубаева фристайл-турға қатысқан алғашқы әйел атанды, бұл оның қорытынды ұпайына да әсер етті", - делінген мақалада.
Рейтингтің көшбасшысы – Қытай Халық Республикасының өкілі Цзю Вэньцзюнь, ол шамамен 382 мың доллар табыс тапты.
Алғашқы ондықтың соңында табысы 87 000 доллар болатын үнді қызы Дивья Дешмух тұр.