Басты жаңалықтар

Мұхит Сапарбаев пластикалық ота жасатқанын айтып жұртты шулатты (видео)

Отаның құны - 90 мың теңге.

Танымал журналист, тележүргізуші Мұхит Сапарбаев өзі жүргізіп отырған бағдарламалардың бірінде қабағын кескенін айтып жұртты шулатты. Көпшілік оны сынап, ер азаматқа мұндай әрекеттердің жараспайтынын жарыса жазды. Десе де, тележүргізушінің өзі бүгінде бақытты екенін айтады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Мен бұл туралы бірнеше жыл қатарынан ойлап жүрдім! Ұтымды тұстары мен кемшіліктерін өлшеп бақтым. Клиника көп болғанымен, сапалы мамандар өте аз! Жолым болып, жақсы дәрігер таптым. Қабақты өзгертуге арналған ота сәтті өтті... Несін айтайын, қорыққаным рас! Бірақ ота жасайтын үстелде жатқан кезде бар ойым өзгерді. Ота 30 минутқа созылып, кейін кішкене ғана ісіктер пайда болды. (...) Мұндай отаның құны 90 мың теңге. (...) Енді дүниеге басқаша қарайтыным үшін қуаныштымын. Өзгерістер күтемін», - дейді Мұхит Сапарбаев.

Осыдан кейін тележүргізушінің дайректіне түрлі хаттар келген екен. Олардың барлығында делік желі қолданушылары журналисті сынаған. Десе де, Мұхит Сапарбаев дәл қазір өзінің бақытты екенін айтады. «Дайректке көптеген хат келіп жатыр. Достар, мұны не үшін жасадым дейсіздер ме? Себебі, мен бірнеше жыл бойы армандап, жоғары деңгейдегі маман іздеп жүрдім. Қалай десек те көзбен ойнауға болмайды. Мен бақыттымын, бұл ең бастысы», - дейді журналист. Автор: Kyn.kz