Қоғам

“Мүлік, сыйлық болсын табысқа жатады”: Қазақстанда 850-ге жуық блогер 500 млн теңге салық өндірді

Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлерге тексеру жүргізіліп, 500 млн теңгеге жуық салық төлегенін айтты.

Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілерде танымал 850-ге жуық блогерден 500 млн теңгеге жуық салық өндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Мысалы, 2022-2023 жылдар үшін былтыр камералық бақылау жүргізілді. Жалпы 80 мыңға жуық азаматтар камералық бақылауға түсті, оның ішінде әрине блогерлер болды. Олардың саны 850-ге жуық. Осы 850-ге жуық азаматтан 500 млн теңгеге жуық салық өндірілді , - деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директорының міндетін атқарушы Ерқанат Шыңберген «24KZ» арнасына берген сұқбатында.

Оның сөзінше, егер блогерлер камералық бақылау туралы хабарлама орындамайтын болса, салықтық тексеру басталады.

“Тексеру нәтижесінде біз бұл салықты тіпті жеке шотына енгізіп, төлетуге мүмкіндігіміз бар. Осындай мәжбүрлеу шаралары бар. Одан басқа, ӘҚБК-ке сай шаралар бар. Бірінші бұзушылық үшін ескерту беріледі”, - дейді Шыңберген.

Ерқанат Шыңбергеннің сөзінше, табыс тек ақшалай қаражат ретінде саналмайды. 

“Белгілі бір мүлік болсын, сыйлық болсын әрдайым табысқа жатады. Одан тиісінше салық төленуі қажет. Көбіне жарнама фактлеріне назар аударамыз. Себебі, бізде блогерлер көбіне жарнама арқылы табыс табады. Жалпы желілерде табыс табу мақсатында жарияланым болса бұларды, міндетті түрде кәсіпкерлік қызмет деп есептейміз”, - деп жауап берді Ерқанат Шыңберген.