Белгілі әнші Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз Әбдукәрімова Астанадағы жаңа үйіне қоныстой жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Қоныс тойдың басын үлкендер ашып берді. Бұйыртса, енді кезек-кезегімен бәріңізді шақырамын”, – деп жазған ол.
Қоныстойға қайын атасы Нұртас және Гүлзира Адайбековтер, ортаншы келіні Айгерім, Жұлдыздың ата-анасы және өзге де туыстар бар.
Желі қолданушылары Жұлдыз Әбдукәрімованың ата-енесімен жылы қарым-қатынасына тәнті болып, жарқын тілектерін жаудырды.
Олар “Бүкіл Қазақстан қуанып отырған шығар сіздерді бірге көріп”, “Жұлдыз ең алғашқы қоныстойды ата-енесіне жасады, баталарын алды”, “Осы ауызбіршіліктен айырмасын, қуанып қаламыз” деп жазды.