Burger King Kazakhstan-да төңірегіндегі дау: аутизмге шалдыққан қызметкердің анасы ұлына қысым көрсетілгенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:39
- 43
Еліміздегі Burger King фастфуд мейрамханалары желісінің төңірегінде дау шықты. Желі қолданушылары дәмханаға қатысты теріс пікірлер жазды. Burger King – те жұмыс істейтін аутизмге шалдыққан қызметкерге қатысты болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік кәсіпкер және аутизм мәселелері бойынша сарапшы Жанат Каратай Threads желісінде аутист ұлы Алибекке қатысты жазба қалдырды. Айтуынша, ұлы тұақты түрде 4 жыл бойы жұмыс істеген. Осыған дейін ұжым мен басшылық тарапынан қолдау болған. Бірақ өңірлік басшы ауысқаннан кейін жағдай өзгерген.
“Ол төрт жыл бойы тұрақты жұмыс істеді, жалақысын алды, тапқан ақшасын қуана жұмсады, ұжымға бейімделгенін сезді, қосымша сағаттарда жұмыс істеді, демалысын жоспарлады, бір филиалдан екіншісіне ауысты. Бұл – біздің әкімшілер мен менеджерлермен бірге атқарған жұмысымыз. Бірақ жаңа басшы Сергей келгелі бәрі өзгерді. “Көзге көрінбейтін қысым” басталды. Күзден бастап Алибек өзіне ұқсамай кетті. Тек жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жатқандарын білгенде ғана мән-жайды естідік”, – делінген жазбада.
Автор жаңа басшымен жеке сөйлесуге тырысқан, бірақ бұл жағдай ештеңені шешпеген.
Ол компанияның бұрынғы қызметкері деп танысқан адаммен хат сөйлескен. Хабарламаларда ұжымдағы өзгерістер дәл Ресейден жаңа басшылық келгеннен кейін басталғаны айтылған. Бұрынғы қызметкердің айтуынша, жағдайды ушықтырған тағы бір оқиға болған. Аймақтық басшы Сергейдің жұбайы жұмыс орнында Қазақстан мен қазақтарға қатысты қорлайтын мем жапсырған. Белгілі болғандай, ол да Ресейден келген, мейрамхана директоры болып жұмыс істеп, кейін қызметі жоғарылаған.
Болған жағдайға қатысты Burger King мәлімдеме жасады. Алибек Қаратай жұмыстан шығарылғанын жоққ шығарды.
“Қазір Алибек Қаратай жұмыстан шығарылған жоқ, ол Burger King Kazakhstan қызметкері болып қала береді. Компания оны жұмыстан шығару туралы шешім қабылдаған жоқ. 2026 жылдың 29 қаңтарында HR департаментіне қызметкердің демалысқа шығу ниеті туралы хабарлама келді. Содан кейін Алибек уақытша жұмысқа шығуды тоқтатты, бірақ компания белгіленген нысанға сәйкес ресми өтінішті алған жоқ.6 ақпанда қызметкердің анасы Жанат Қаратай компанияға хабарласып, өзі жазған Алибектің жұмыстан шығу туралы өтінішті алып келді. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мұндай өтініштерді қызметкер өзі келіп жазу керек Burger King Kazakhstan баршаға құрметпен қарау, тең мүмкіндіктер беру және кемсітушілікке жол бермеу қағидаларын үнемі ұстанады. Инклюзивті болу біздің корпоративті мәдениетіміздің маңызды бөлігі ”, – деп жазды компания.
Сондай-ақ компания бар шешімдерді, соның ішінде басқа мейрамханаға ауысуды ұсынғанын атап өтті.
Қазақстандықтар тамақтану желісіне жаппай байкот жариялап жатыр.



