Мәдениет

«Қалай Дариғамен айырбастап жіберді?»: Олжас Абайдың экс-әйелінің видеосы тарады (ВИДЕО)

Олжас Абайдың экс-әйелі әншілікке бет бұрды.

Танымал актер Олжас Абайдың экс-әйелі әншілік қырын ашты. Көпшілік оның даусына тәнті болуда, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол TikTok әлеуметтік желісінде ән айтып тұрған бейнежазбасын жариялаған.

Көпшілік оның өнеріне және образына сүйсінді. Кейбіреулер вокалдық мүмкіндігін жоғары бағалап жатыр.

Желі қолданушылары «Қалай Дариғамен айырбастап жіберді?», «Керемет әнші, бала кезден ән салып жүргені көрініп тұр», «Нағыз кәсіби оқыған әнші ғой, жолың болсын!», деген пікірлер қалдырды.

Көрермендер енді оның жаңа туындыларын асыға күтетінін жарыса жазуда.