Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Инфляциялық қысымның басты себебі – отандық базалық тауарлардың тапшылығы»: Жұманғарин қымбатшылықтың себебін түсіндірді

«Инфляциялық қысымның басты себебі – отандық базалық тауарлардың тапшылығы»: Жұманғарин қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Сурет: kapital.kz
Жұманғарин елдегі қымбатшылық себебін атады.

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елімізде отандық өндірісте бірқатар базалық тауарлардың жетіспеуі инфляциялық қысымның негізгі себептерінің біріне айналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Айтуныша, осы мәселеге байланысты министрліктер импортты алмастыруға болатынын тауарларды анықтауда.

“Қазір инфляциялық қысымның басты себептерінің бірі – тұтыну және тұтынуға жатпайтын сегменттердегі отандық базалық тауарлардың тапшылығы. Осыған байланысты салалық министрліктер импортты алмастыруға болатын бағыттарды анықтап жатыр. Ал “Бәйтерек” холдингі инвестицияға тапсырыс аясында жобалар пулын қалыптастыру үшін кешенді due diligence (жан-жақты тексеру) жүргізіп жатыр. Басты мақсатымыз нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті азайту”, – деді Жұманғарин.

Министр ет, сүт өнімдері, құс еті, астық, қант, жеміс-көкөніс және балық өнімдерін өндіру мен өңдеу, жылыжай кешендерін дамыту, көкөніс сақтайтын қоймалар салу жоспарға алынып отырғанын айтады.

“Азық-түлік блогы агроөнеркәсіп кешені мен азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі сегменттерін қамтиды. Атап айтқанда, ет, сүт өнімдері, құс еті, астық, қант, жеміс-көкөніс және балық өнімдерін өндіру мен өңдеу, жылыжай кешендерін дамыту, көкөніс сақтайтын қоймалар салу және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу көзделіп отыр. Ал азық-түлікке жатпайтын секторға импорт үлесі жоғары тауарларды шығару бағыттары кіреді. Олардың қатарында жеңіл өнеркәсіп өнімдері, құрылыс материалдары, тұрмыстық техника және тұрмыстық химия бар”, – деді министр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар