Министр елімізде шығарылатын автокөліктердің бағасы төмендейтінін айтты
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев көліктердің бағасы түсетінін айтты.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев елімізде шығарылатын автокөліктердің бағасы төмендейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
«Біздің қазақстандық зауыттар жыл сайын автокөлік маркаларының түрлерін көбейтіп отыратынын білесіздер. Жаңа маркалар нарыққа шыққан сайын баға сөзсіз төмендейді. Мұны нақты айта аламын. Отандық автомобиль өндірісі қытайлық көліктердің бағасының төмендеуіне де ықпал етеді», - деді Нағаспаев.