Басты жаңалықтар

Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты жаңа дерек шықты

Бүгін Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді. ТЖМ жерасты дүмпуіне қатысты мәлімет берді.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2026 жылғы 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:09-да жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 км жерде орналасқан.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.

Сезілу деңгейі туралы мәліметтер:

Алматы қаласы – 2 балл, 75 км;

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы – 4 балл, 35 км;

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы – 4 балл, 39 км;

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодное ауылы – 3 балл, 44 км;

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ж. Қайыпова ауылы – 3 балл, 45 км;

Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы – 3 балл, 48 км;

Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы – 3 балл, 52 км;

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы – 3 балл, 62 км;

Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 3 балл, 67 км;

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген-Батыр ауылы – 3 балл, 73 км;

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы – 2 балл, 77 км;

Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай ауылы – 2 балл, 84 км;

Алматы облысы, Алатау қаласы (Жетіген) – 2 балл, 84 км;

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы – 2 балл, 99 км;

Алматы облысы, Қонаев қаласы – 2 балл, 103 км;

Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы – 2 балл, 113 км;

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы – 2 балл, 115 км;

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы – 2 балл, 123 км;

Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы – 2 балл, 136 км;

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы – 2 балл, 136 км;

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы – 2 балл, 140 км.