Қоғам

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды көлікпен алып қашпақ болды (ВИДЕО)

Таразда аялдмада белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды алып қашпақ болды.

Таразда бейтаныс ер адамдар 13 жастағы қызды көлікпен алып қашпақшы болды. лардың іс-әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 16 ақпанда қоғамдық көліктер тоқтайтын аялдамада болған. Бұл туралы видео taraz_life  Instagram-парақшасында пайда болды. Желі қолданушысының сөзінше, аялдамада тұрған ер адам көмектескен. Күдіктілер сол уақытта қашып іздерін суытпақ болған.

Қыз бірден әкесіне хабарласып, алып қашпақ болған адамдарды суреттеп береді. Дауыстары видеодан естіледі. Полиция қыздарды алып қашпақ болғандар көп ұзамай ұсталған.

«Полицияға автокөлікпен келген екі белгісіз адамның аялдамада тұрған қыз баланы ұрлауға әрекет жасағаны туралы хабарлама түсті. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген хабарламада.