Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ҰҚК Жақсылық Омардың ұсталғанын растады

ҰҚК Жақсылық Омардың ұсталғанын растады
Сурет: ашық дереккөздерден
ҰҚК Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпаратты ҰҚК растады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

13 ақпанда желіде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Оған қатысты соталды тергеп-тексеру басталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шенеунікке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді", – делінген ведомствоның ресми сұрауға берген жауабында.

Алайда ҰҚК айыптаудың нақты мәнін және тергеу Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша жүргізіліп жатқанын айтпады.

Айта кетейік, 11 ақпанда Жақсылық Омардың Instagram-дағы ресми парақшасында жазба жарияланған. Онда былтыр өңірдің әлеуметтік саласында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланған жұмыс кеңесінің өткені жазылған.

Шенеунік әлеуметтік желілерде белсенді, атқарып жатқан жұмысы туралы оқырмандарына жиі ақпарат беріп отырады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар