Рамазан айы - 2026: ауызашар мен сәресіде оқылатын дұға
Мұсылман қауымына арналған ауызашар және сәресіде оқылатын дұға.
Биыл қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Барша мұмылман қауымы Рамазан айында ораза ұстап, дұға етеді. Тәні мен бірге жанын да тазартады. Осыған орай, сәресіде және ауызашарда оқылатын дұғаны қайталап жүріңіз.
Сәресіде айтылатын дұға:
Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
Мағынасы: «Таңертеңнен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ауызашарда оқылатын дұға:
Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».
Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, Алла қаласа сауабы да қалды».