Қоғам

«Өзі сияқты сарбаздан таяқ жеп жала жабуда»: Отардағы әскери бөлімдегі аға сержант өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді

Сарбазды ауыр темірмен ұрып, жағын уатты деген сержант өзіне жала жабылғанын айтты.

Отардағы әскери бөлімдегі жағдай бойынша жаңа мәліметтер пайда болды. Сарбазды ауыр темірмен ұрып, жағын уатты деген сержант өзінің еш қатысы жоғын мәлімдеп, көмек сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Аға сержант Айдын Сайланұлының айтуынша, зәбір көрген Есбол Қапарды өзі сияқты әскери борышын өтеп жүрген сарбаз ұрған.

«Әлеуметік желіде жалған ақпарат тарады. Бұл екі сарбаздың арасында болған оқиға. Ал қатардағы жауынгер Есболдың айтқан уақыты басқа. Бірақ мен 22:00 шамасында кезекшілікті тапсырып үйге қайттым. Мұны дәлелдей аламын. Менің арым таза. Маған жалған жала жапты. Олар менен істі жабу үшін 5 млн теңге сұрады. Бірақ мен заңсыз әрекетке бармайтынымды арымның таза екенін айттым. Өзі сияқты сарбаздан таяқ жеп жала жабуда», дейді Аға сержант Айдын Сайланұлы.