Петропавлда оқушы мектептің терезесінен секіріп кетті: 18 жастағы бозбаланың жағдайы ауыр
Мектептің үшінші қабатынан секіріп кеткен оқушының жағдайы ауір.
Петропавлда мектептің үшінші қабатынан секіріп кеткен оқушының жағдайы белгілі болды. Дәрігерлердің айтуынша, 18 жастағы бозбаланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Оның бел омыртқасы мен өкшесі сынған. Облыстық ауруханаға ауыр халде жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылыпты.
«Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары істің мән-жайын зерттеп, тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Ал оқушының денсаулығына қатысты болжам жасауға әлі ерте дейді дәрігерлер.
«Науқас травматология бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы әлі де тұрақты ауыр, бірақ өздігінен тыныс алады. Нақты бір болжам жасауға әлі ерте. Егер денсаулығы жақсарса, амбулаторлық емге жіберілуі мүмкін», - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.