Денсаулық сақтау министрлігі ораза кезінде дұрыс тамақтануға кеңес берді. Ауызашар мен сәресі арасындағы уақытта су ішудің маңызын атады. Яғни, кешкі және түнгі уақытта суды аз-аздан, бірнеше рет ішкен дұрыс екенін айтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, Рамазан айында тамақтану, ұйқы және физикалық белсенділік тәртібі өзгереді. Сондықтан энергияны сақтау және асқынудың алдын алу үшін ағзаға әсер ететін барлық факторды ескеру өте маңызды.
Сондай-ақ ауызашар кезінде, асты баяу және жеке қажеттіліктерге сай мөлшерде ішу қажеттігін ескертеді. Бұл асқазандағы
ауырлықты және қыжылдың алдын алуға көмектеседі.
Мамандар “баяу сіңірілетін” өнімдерге басымдық беруге кеңес берді – олар энергияны ұзақ уақытқа береді. Оларға күрделі көмірсуларға бай өнімдер жатады, мәселен дәнді дақылдар (арпа, сұлы, бидай), бұршақ дақылдары, өңделмеген күріш және басқалары. Ал тәтті, тұз және майлы тағамдарды шектеп, оның орнына қарбыз, қауын (маусымдық жемістер) секілді суы көп жемістерді таңдаған орынды.
Бұған қоса, күнді белсенді өткізуге және кешкі уақытта қозғалысты азайтпай, керісінше, күнделікті серуенге шыққан жөн.
“Рамазан – денсаулыққа көңіл бөлуге және темекіден бас тартуға алғашқы қадам жасауға тамаша уақыт. Ораза әдеттерді бақылауға көмектеседі және тоқтауға жеңілдік береді”, – делінген хабарламада.




