Қоғам

Алматы облысында бір топ ит 52 жастағы әйелді талап тастады (ВИДЕО)

Алматы облысында әйелді иттер талап тастады.

Алматы облысының Қарасай ауданында бір топ ит әйелді талап тастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі

Бұл туралы видео әлеуметтік желілерде тарады. Оқиға 17 ақпанда Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 52 жастағы әйелді бір үйдің ауласында иттер үйірі талаған. Ол көптеген жарақат алған.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері жұмыс істеп жүр.

Полиция итердің қожайыны анықтады. 60 жастағы күдікті жәбірленушінің көршісі болып шықты. Ол өз үйінің аумағында 20-25 ит ұстаған. Ер адам Қарасай аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке де тартылған.

Жануарларды аулаумен айналысатын мердігер ұйым - жеке кәсіпкер Әбдіқалов. Қазір көрсетілген мекенжайда бұралқы иттерді аулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.