Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасын төмендетуге шақырды
Томирис Тоныкөк
Бас мүфти оразада кәсіпкерлерді азық-түлік бағасын төмендетуге шақырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының басталуына орай кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын төмендетуге және қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа қолжетімді етуге шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, кафе-мейрамханалардағы ауызашар мәзірі де халыққа қолжетімді болуы тиіс.
19 наурызда басталған ораза 29 күнге жалғасады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні өтеді, ал Ораза айт 20 наурызда атап өтіледі.
"Аллаға шүкір, Рамазанның ізгі дәстүрлері мәдениетіміздің бір бөлігіне айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жеңілдіктер жасауға шақырамын. Рамазан айына сәйкес келетін ас-берулерді ауызашар уақытында өткізіп, сауапты істерді көбейтейік", – деді бас мүфти.
Ол қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірінің бағасын қолжетімді етудің маңызын айтты. Сондай-ақ бұл айда дүкендерде алкоголь сатпауға шақырды.