Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

991 мың теңге: Қазақстанда жоғары жалақы алатын мамандықтар тізімі жарияланды

991 мың теңге: Қазақстанда жоғары жалақы алатын мамандықтар тізімі жарияланды
Сурет: freepik.com
Қазақстандағы бос жұмыс орындары мен жалақы туралы мәлімет шықты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы бос жұмыс орындары мен жалақы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сұраныста жартысына жуығы жұмысшы мамандықтар үлесі (47,6%) - 48,9 мың бос орын.

"Нақты кәсіптердің ішінде жұмыс берушілер тарапынан ең көп сұранысқа ие болғандар: мейіргерлер (1,9 мың бос жұмыс орны), санитарлар мен автомобиль жүргізушілері (әрқайсысы 1,8 мыңнан), сондай-ақ, математика пәнінің мұғалімдері (1,7 мың)", - делінген хабарламада.

Салалық бөліністе бес негізгі салаға сұраныс жоғары.

"Дәстүрлі түрде білім беру саласы көш бастап тұр – 33 мыңнан аса хабарландыру (жалпы санның үштен біріне жуығы). Одан кейін өзге де қызмет түрлері – 11,4 мың (11,1%) және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету – 9,7 мың (9,5%) орналасқан. Сондай-ақ кадрларға жоғары қажеттілік мемлекеттік басқаруда (7 мың) және өңдеу өнеркәсібінде (6,9 мың) тіркелді", - делінген хабарламада.

Ең көп бос жұмыс орны Астана қаласында (8,9 мың), Түркістан (7,3 мың) және Қарағанды (7,1 мың) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (6,9 мың) жарияланған.

Қаңтарда жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны

  • бұрғылау жөніндегі супервайзерлерге (орта есеппен 991 мың теңгеден бастап),
  • өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастықтарына (876 мың теңгеден бастап),
  • бас геологтарға (803 мың теңгеден бастап) ұсынды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар