Басты жаңалықтар

Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына қосылды

Қазақстан Орталық Азия бойынша әлемдегі дамыған елдердің қатарына енді.

Қазақстан әлемдегі экономикасы дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылып, Орталық Азияда бұл көрсеткішке қол жеткізген жалғыз ел атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстан әлемдегі экономикасы дамыған 50 мемлекеттің қатарына енді. Айта кетерлігі, біздің ел Орталық Азия бойынша бұл қатарға енген жалғыз мемлекет. 

Халықаралық валюта қоры деректеріне сүйенсек, 2000-2025 жылдары Қазақстан нақты жалпы ішкі өнім өсімі бойынша жылына орта есеппен 5,6 пайыз көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізген. 

Экономикасы ірі мемлекеттер қатарына Қытай, Германия, Жапония мен Үндістан кіреді. 

Ал АҚШ бұл бағытта көш бастап тұрған алып ел болып қала береді. Әлемдік рейтингте Құрама штаттардың экономикасы 30,6 трлн долларға бағаланған.