«33 989 000 теңге»: Михаил Шайдоров пен жеке бапкерінің жалақысы белгілі болды
Өткен жылы Михайл Шайдоров 33 989 000 теңге, ал жеке бапкері 26 000 000 теңге жалақы алған.
Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарына мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанға тарихи алтын жеңіс әкелген Михаил Шайдоров пен жеке бапкерінің жалақысы белгілі болды. Бұл туралы Спорт министрлігі жария етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Дереккөзге сүйенсек, 2025 жылы Шайдоров 33 989 000 теңге жалақы (ҚР ТСМ ДРС, федерация және әкімдік желісі бойынша) алған.
Ал спортшының жеке бапкері Алексей Урманов 2025 жылғы (ҚР ТСМ ДРС және федерация желісі бойынша) 26 000 000 теңге жалақы алған. Хореограф И.В. Регина 2025 жылғы (ҚР ТСМ және федерация желісі бойынша) 23 000 000 теңге жалақы алған.
Айта кетсек, бұған дейін спорт министрлігі Михаил Шайдоров пен оның командасының жаттығуына 263 млн теңге бөлінгенін мәлім еткен болатын.