Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Отарда айыпталып жатқан сарбаздың анасы: Тоқаев мырза, әскери билеті де керек емес, ұлымды өзіме қайтарыңыздаршы (Видео)

Отарда айыпталып жатқан сарбаздың анасы: Тоқаев мырза, әскери билеті де керек емес, ұлымды өзіме  қайтарыңыздаршы (Видео)
kyn.kz
7 баланың анасы: Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаса бұндай былыққа толы армия жабылсын!

Гвардейск гарнизонында болған шулы жағдайға байланысты жағы сынған Есбол Қапарды ұрды деп айыпталып жатқан  Алдаберген Қасиеттің анасы шырылдап, баласының ақтап, үйіне аман-сау әкетуі үшін Ішкі істер министрі мен ел президентінен көмек сұрады. KYN.KZ  редакциясына келіп, өзі білетін барлық мағлұматпен бөліскен ана  мәселені майшаммен қарамасы, былыққа толы мәселеде ұлы құрбан болып кеткелі тұрғанын мәлімдеді.

"Ұлым көшеде жүрген жерінен досына әскери адамдар келіп, оның борышын өтеуге шақырылып жатқанын айтқан. Менің ұлым "Мені неге әкетпейсіздер, әскерге барғым келеді" деп өзі сұранған. Жасы келіп тұрғаннан кейін, әскерилер баруына болатынын айтыпты. Содан Қасиет белсеніп, өзі барды. Арқасынан үш рет бардым. Бәрі жақсы, толықсып, сарбаздық өмірге үйренгенін байқадым. Қаңтар айында телефонмен сөйлескенімізде "Мама, бір баланың жағын сындырып алдым. мына жерде әскери тәртіп бойынша шаралар болды. Бәрі жақсы, еш қиындық тумайды" деді. Одан кейін бұл жайтты ұмытып та кеттік. Кешегінде түн уақытында "Балаңыз ұсталды" деген ресми смс келіп тұр. Содан баламның командирлеріне хабарласып, "Мен барғанша ештеңеге қол қойдырмаңыз" деп сұрап Отарға барынша тез келдім. Келсем олар бәрін жасап қойған. Қол қойдырып, балаға бәрін мойындатып реттеп тастаған",-дейді  Гүлнұр Байділдә.

Ол дереу баласымен кездестіруді сұрап,Қасиетпен ашық сөйлесуге тырысқан.

"Балам келді. Өңі қашып кеткен.48 сағатқа қамауға жабылған. Бұрындағы жанып тұрған көзінен түк қалмаған. "Мен жағын сындырдым" деп тұр. "Балам неге алдап тұрсың? Қамалғың келіп тұр ма?" десем "Мама, қоясалшы" деді. Бұл кәдімгі үмітсіздікті білдірді. Таяқталды деген Есболдың ата-анасымен жолықтым. Олар баласын сержанттар ұрғанына сенімді. Баласы бәрін айтып берген. "Сіз неге бізден кешірім сұрап тұрсыз? Балаңыздың түк кінәсі жоқ. Ұлымыз барлық жайтты айтып берді. Сіз еш алаңдамаңыз, ренішіміз жоқ" деді. Енді мен қазір жағы сынып, емделіп жатқан Есбол аман болса екен деп тілеймін. Өйткені оны да 5 сағат "Көндіріп, дегенімізді айтасың" деп бір кісілер сөйлескен. Мен баламмен бәрін ашық сөйлесейін десем 4 адам бізді аңдып жүр. Балам ашыла алмайды. Олар кезек-кезек есіктен тыңдап тұрды",-деп көзіне жас алды  жеті баланың анасы.

 Гүлнұр Байділдә осы ретте президент пен Ішкі істер министрінен жағдайды қатаң бақылауға алуды сұрап отыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар