Қоғам

Петропавлда ер адам әйелінің іш киімін киіп, видео түсірген: сот шешім шығарды

Әйелі мен балаларын ұрып-соғып, одан қалса ұят әрекеттегі видео түсірген ер адам ата-ана құқығынан шектелді.

Петропавлда әйелі мен балаларын соққыға жығып, өзі әйелдерге арналған  іш киіммен видео түсірген ер адам ата-ана құқығынан  шектелді, деп хабарлайды

Сот оның әйеліне де қатысты осындай шешім қабылдады. 

Бұл оқиға былтыр қарашада белгілі болды. Көпбалалы анаға қатысты зорлық-зомбылық туралы дабыл "НеМолчи.kz" қоғамдық қорының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Онда жәбірленуші әйел күйеуінен қорлық көріп жүргенін, соның салдарынан мүгедектікке ұшырағанын айтқан.

"Әйел ұзақ жылдар бойы күйеуінен қорлық көрген. Ол әйеліне талай жарақат салған: әйелдің ағзасына ота жасалған, кейін бас сүйегіне трепанация жасатқан. Бірақ бұл да күйеуін тоқтатпаған. Ол әйелдің басынан ұра берген. Әйел есінен танып, құлап қалатын болған. Ақырында бір күні әйел жүрмей қалған", - делінген "НеМолчи.kz" жазбасында.

Қордың хабарлауынша, әйел күйеуінен қашып, анасының үйіне барған, алайда кәмелетке толмаған бес бала әкесімен бірге қалған.

Сондай-ақ, ер адам балаларға да агрессив әрі оғаш мінез көрсеткені анықталған. Бұған дәлел ретінде қазақстандықтың TikTok-та жариялаған видеолары келтірілген. Онда әйелдің ішкиімін киіп алған ер адам түсірілген.

"Балалар қараусыз қалған. Әкесі еш жерде жұмыс істемейді, балалардың анасынан жәрдемақы түсетін картаны тартып алған", - делінген бұған дейінгі "НеМолчи.kz" хабарламасында.