Қоғам

Трамптың резиденциясының аумағына заңсыз кірген 21 жастағы жігіт атып өлтірілді

АҚШ президенті Дональд Трамптың резиденциясының аумағына қару мен канистрі бар ер адам заңсыз кірген.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Мар-а-Лаго резиденциясының аумағына заңсыз кірген қаруланған ер адам атып өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Fox News хабарлауынша, ол 21 жастағы Остин Такер Мартин болып шыққан.

Оқиғадан бірнеше күн бұрын оның отбасы жігітті із-түзсіз жоғалғанын айтып, іздеу жариялаған. Журналистердің мәліметінше, 2023 жылы оның әпкесі өзіне қол жұмсаған.

Тергеу нұсқасы бойынша, Мартин Солтүстік Каролина штатынан Флоридаға бағыт алған және жолда қару сатып алған. Оның көлігінен қарудың қорабы табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт күзетілетін резиденция аумағына қақпадан кіріп бара жатқан көліктің соңынан ілесіп, жасырын түрде кіріп кеткен болуы мүмкін.

Оқиға кезінде Дональд Трамп Ақ үйде болған.

Бұған дейін округ шерифі хабарлағандай, күдікті ұсталған сәтте қарсылық көрсеткен. Қаруды шерифтің орынбасары мен Құпия қызметкерлеріне кезенген. Осыдан кейін оған қарсы оқ атылған.

Бұған дейін де Трампқа қастандық жасалмақ болған. Біріншісі 2024 жылы 13 шілдеде сайлауалды сөз сөйлеу кезінде болды. Трамптың құлағы жараланды, бір көрермен қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті.

2024 жылы 15 қыркүйекте Трамптың Флоридадағы гольф-клубының маңында болды. Күдікті биыл ақпан айының басында өмір бойына бас бостандығынан айырылды.