Қоғам
Алматыда көшкін кезінде қар астында қалған турист қаза тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:13
- 33
Алматыда екі турист қар көшкіні кезінде қар астында қалып қойды: біреуі көз жұмды.
Алматыда Медеу ауданының Титов асуында 3400 метр биіктікте екі турист қар астында қалып қойды. Оның біреуі өздігінен шығып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына Алматы қаласы төтенше жағдай департаментінің 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, “Барыс” қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.
“Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қардың астынан қаза тапқан адамның денесі шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді”, – деп жазды төтенше жағдай департаменті.


