Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте төрт адамды ақшалай және жер учаскілерін иемденген: Түркияға қашып кеткен қазақстандық елге жеткізілді

Шымкентте төрт адамды ақшалай және жер учаскілерін иемденген: Түркияға қашып кеткен қазақстандық елге жеткізілді
Сурет: Бас прокуратураның Telegam-дағы арнасы
Бірнеше адамды алдап, 95 млн теңге шығын келтірген қазақстандық Антальядан ұсталды.

Бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Түркиядан ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол Анталья қаласынан Қазақстанға экстрадицияланды.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2019-2020 жылдары күдікті Шымкентте 4 тұрғынның ақшалай қаражаты мен жер учаскелерін алаяқтық жолмен иемденіп, оларға жалпы сомасы 95 млн теңге көлемінде залал келтірген.

Жәбірленушілердің ақшалай қаражатын иемденгеннен кейін заңмен белгіленген жауаптылықтан жалтару мақсатында күдікті бой тасалаған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Аталған әрекеті сотта дәлелденсе, ол қылмыстық заңнамаға сай мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар