Қоғам

Наурыз айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды

Наурыз айында қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері күтіп тұр.

Наурыз айында қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтіп тұр. Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай айдың жартысына жуық уақыты демалыспен өтеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

2026 жылы наурыз жұмыс күндерінің саны бойынша ең "қысқа" айлардың бірі.

Осы жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге, 8 наурызға сәйкес келеді. 

Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болады. Ұзақ демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні - 10 наурыз, сейсенбі. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 7, 8 және 9 наурыз - қатарынан үш демалыс күні, 10 наурыз - жұмыс күні. Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 7 наурыз - жұмыс күні, 8 және 9 наурыз - демалыс күндері, 10 наурыз - жұмыс күні.

Наурыз мейрамы 21–23 наурыз аралығында атап өтіледі.

Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 21–25 наурыз - бес күн қатарынан демалыс (сенбі–сәрсенбі). Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері, 25 наурыз - жұмыс күні.

Наурызда Қазақстанда кәсіби және атаулы күндер де атап өтіледі: 

1 наурыз - Алғыс айту күні;

14 наурыз (наурыздың екінші сенбісі) - Жерге орналастыру, геодезия және картография күні.