Қоғам

Челах пен Төлешовке үкім шығарған: Жамбыл облысының судьясы қызметінен кетті

Челахты соттаған судья қызметінен босатылды.

Жоғарғы сот кеңесі Ербол Ахметжановты Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы қызметінен босатты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл шешім Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысында қабылданды.

"Қарау қорытындысы бойынша, Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Ербол Ахметжанов Жамбыл облыстық сотын 2020 жылдың 27 ақпаннан бері басқарып келді. Бұған дейін ол Алматы гарнизонының әскери сотында судья болып, кейін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың судьясы әрі төрағасы қызметін атқарған. Сондай-ақ Қазақстанның Әскери сотында азаматтық істер жөніндегі алқаны басқарды.

Айта кетсек, бұл қызметті Ербол Ахметжанов атқарып келген болатын. Ол Арқанкерген оқиғасы бойынша Владислав Челах пен Шымкенттің "сыра патшасы" Тоқтар Төлешовке үкім шығарған.