Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Түркістан халықаралық әуежайының жұмысында заңға қайшы әрекеттерді анықтады.
Облыстық департамент авиаотынды бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізген. Талдау нәтижесінде Кәсіпкерлік кодексінің баын бұзу белгілері анықталды.
Осыған байланысты Түркістан халықаралық әуежайы АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру тағайындалды.
"Тергеу барысында әуежайдың тиісті нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерлік субъектісінен әуежай аумағында сату құқығы үшін алым өндіргені белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Түркістан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен әуежай әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ұқсас жаңалықтар
«–40 градус аяз болады»: алдағы күндері елімізде күн суытады
- авторТомирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:37



