Қоғам
Бурабайдағы квадроцикл апаты: ауыр жарақат алған бойжеткен қайтыс болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 07:11
- 1
Бурабайда квадроцикл мінген қыз апатқа ұшырады: комаға түскен бойжеткен көз жұмды.
Бурабай кентінде квадроциклмен ағашқа соғылған бойжеткен бірнеше күн комадан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға 14 ақпанда болған. Жол-көлік оқиғасынан кейін қыз жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Науқас терең комада болды.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 23 ақпан күні таңертең бойжеткеннің көз жұмғанын растады. Апат салдарынан ол көптеген ауыр жарақат алған.
Еске салсақ, бұған дейін дәрігерлер Бурабайда квадроциклмен ағашқа соғылған қыздың жағдайы аса ауыр екенін хабарлаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Таразда спорт кешенінің директорынан 2,5 млн теңге бопсалағандар сотталды
- авторkyn.kz
- 23 ақпан, 2026


