Қоғам
Түркістан облысында 15 жастағы қыз босанды: зейнеткерге сот үкімі шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:25
- 29
Зейнеткер 15 жастағы қызды зорлап, ол жүкті болып қалды.
Түркістан облысында немересін зорлаған 71 жастағы зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өткен жылы қаңтарда 15 жастағы қыз күдіктіден босанған. Жақындары оның жүкті екенін жетінші айында ғана білген. Сот ер адамды «Кәмелетке толмаған баланы зорлау» және «Тұрғын үйге заңсыз кіру» баптары бойынша кінәлі деп таныды.
«Оның уәждерін жәбірленушінің айғақтары мен бірнеше сот-медициналық сараптамалардың қорытындысы жоққа шығарды», - деді судья Дәурен Мадалиев.
Зейнеткер 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетсек, Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде 15 жастағы оқушы зейнеткерден босанғаны туралы жазған едік. Жергілікті тұрғындар күдіктінің туыстары оның отбасының ауылдан көшуін талап етті.



