«Мемлекеттік қолдау ма,әлде кездейсоқтық па?»:Шымкенттегі «Ордабасы» ФК-ға 1,8 млрд теңге бөлінеді
Шымкенттегі «Ордабасы» ФК-ға 1,8 млрд теңге бөлінгелі жатыр,-деп хабарлайды Kyn.kz.
Шымкент қаласы биыл «Ордабасы» футбол клубын 1,8 миллиард теңгеге қаржыландыруді жоспарлап отыр. Байқауға өтінім қабылдау мерзімі – 20-27 ақпан.
Алайда қоғамда сұрақ тудыруда: Неге мемлекет жеке меншік клубқа қаражат бөлмек? Ең қызығы, байқау жарияланған күн – 17 ақпан, яғни «Ордабасы» ресми түрде жекеге өткеннен кейінгі күні.
Клубтың жеке меншікке өтуі мен мемлекеттік қолдаудың бір-біріне сәйкес келуі қоғамда пікірталас тудырып отыр. Кейбір сарапшылар бұл жағдайды «мемлекеттен жекеге өтуге арналған жеңілдік» деп бағаласа, басқалары ақшаның тиімді пайдаланылмайтынын алға тартады.
Қазіргі уақытта байқау шарттары мен қаржыландыру механизмдері толық жарияланған жоқ. Қала тұрғындары мен футбол жанкүйерлері мемлекет клубқа бөлетін қаражаттың мақсатты әрі ашық жұмсалуын күтіп отыр.