Мәдениет

«Назарбаев ұйғырша әндерімді ұнататын»: Дильназ Ахмадиева бұрынғы президенттің кезінде той-томалақ көп болғанын жасырмады

Дильназ Ахмадиева бұрынғы президент туралы айтты.

Белгілі әнші Дильназ Ахмадиева бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің ұйғыр әндерін ұнатып тыңдағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Замандас» подкастында сөз еткен өнер иесі Назарбаевтың кезінде той-томалақтың көп болғанын айтады.

"Бұрын барлығында мереке көп, ақша да көп болатын. Назарбаевтың өзі көпшілік арасында жүргенді, тойлатқанды ұнататын еді. Қазіргі Президент ондай емес, мүлдем басқа. Тоқаев мырза олигархтарды жинап кеш өткізді дегенді ешқашан естімеппін. Мен бұрын түрлі шенеуніктер қатысқан іс-шараларда өнер көрсеткенімде бірде бір рет ол кісіні көрген емеспін. Ал Назарбаев менің ұйғыр әндерімді жақсы көретін, шығыс биін билегенді ұнататын. Желтоқсан айы бойы әншілер Жаңа жылдық кештен босамайтын. Желтоқсанда тапқан табысың сені жарты жыл асырай алатын, қазір ондай ай жоқ", - деді ол. 

Айтуынша, қазіргі президент Қасым-Жомарт көңіл көтеретін жиындар ұйымдастырғанын байқамағанын айтады.