Қоғам

Енді операторлар күдік тудырған нөмірді 2 тәулікте бұғаттай алады

Енді байланыс операторлары күдік тудырған нөмірлерді 2 тәулік ішінде бұғаттай алуы мүмкін,-деп хабарлайды Kyn.kz.

Енді байланыс операторлары күмән тудырған нөмірді уақытша өшіре алады. Заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, нөмір екі тәулікке бұғатталып, осы уақыт ішінде тексеру жүргізіледі.

Сарапшы Нұркен Шардарбеков түсіндіргендей, егер алаяқтық белгісі расталса, абоненттің деректері Антифрод орталығына жіберіледі. Орталық банктермен бірлесіп, тиісті карталарды уақытша бұғаттайды.

Ал егер күдік расталмаса, нөмірге қойылған шектеу жойылады.

Бұл жаңалық абоненттерді алаяқтықтан қорғауға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылып жатыр.