Адамдардың 73%-ы таныстарына берген қарыз ақшаны қайтара алмай жүр
Адамдардың 73%-ы әлі күнге дейін таныстарына берген қарыз ақшаны қайтара алмай жүр.
Жүргізілген сауалнамаға сәйкес, достарына немесе туыстарына қарызға ақша берген адамдардың 73 пайызы қарыздың әлі қайтарылмағанын айтқан.
Көп жағдайда мұндай қарыздар ресми келісімшартсыз, жазбаша құжатсыз және нақты қайтару мерзімін белгілемей беріледі. Соның салдарынан ақша уақытында қайтарылмай, кейде мүлде қайтпай қалады.
Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қайтарылмаған қарыздар адамдар арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер еткен.
Респонденттердің едәуір бөлігі ақша беру достықта шиеленіс, өкініш немесе ұзақ мерзімді түсініспеушілік туғызғанын атап өткен. Әсіресе, қарызды қайтару шарттары алдын ала нақты келісілмеген жағдайда мәселе ушыға түседі.
Қаржы сарапшыларының айтуынша, жеке қарым-қатынас пен ақшаны араластыру жиі жанжалға әкеледі.
Айқын шекаралар мен нақты келісім болмаған жағдайда, достарға берілген қарыз эмоциялық әрі қаржылық салдарға соқтыруы мүмкін.
Ал сіз қарызға ақша беріп көрдіңіз бе? Мұндай жағдай қарым-қатынасыңызға қалай әсер етті? Бір сәт ойланып көріңізші!