Қоғам
Атырау облысында ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтірді деген күйеу бала ұсталды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 19:38
- 1
Отбасының қызы яғни Сұлтан Сәрсемәлиевтің азаматтық некедегі әйелі Ақбаянның да қайда екені анықталды.
Атырау облысында ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікке ілінген адам Индонезияда ұсталды.
ІІМ мәліметінше, ер адам Ломбок аралынан табылған. Бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен бұрынғы жұбайының да қайда екені анықталды.
Тергеу нұсқасы бойынша, ол 2025 жылдың қарашасында қылмысты алдын ала жоспарлап, егде жастағы жұпты өлтіріп, мәйіттерін сарайдың астына көмген және олардың ақшасы мен мүлкін иемденген.
Қазір күдіктіні экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.



