Басты жаңалықтар

Ақтөбеде күйеуін пышақтаған әйелді сот кінәсыз деп босатты

Ақтөбеде күйеуін пышақтаған әйелді сот кінәсыз деп босатты,-деп хабаралайды Kyn.kz.

Ақтөбе қаласында күйеуін өлтірді деп айыпталған 37 жастағы әйелге қатысты үкім шықты. Қайғылы оқиға өткен жылдың көктемінде болған. Тергеу нұсқасы бойынша, отбасылық жанжал кезінде әйел күйеуіне пышақ сұғып, кеуде тұсына тиген жарақат жүрекке зақым келтірген. Ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Айыпталушы Ксения Седова жеті ай бойы тергеу изоляторында қамауда отырды. Сот материалдарына сәйкес, марқұмның қанынан 4,58 промилле алкоголь анықталған.

Бастапқыда іс “Адам өлтіру” бабы бойынша қаралған. Алайда сот барысында үш мәрте жүргізілген сараптаманың қорытындысы әрекеттің аффект жағдайында жасалғанын көрсетті. Осыған байланысты айып ҚР Қылмыстық кодексінің 101-бабына (аффект жағдайында жасалған қылмыс) қайта сараланды.

Сот шешімімен, “Рақымшылық туралы” заңға сәйкес, К.Седова қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, сот залынан босатылды.