Песков: Ресей Лондон мен Париждің «ядролық қару беруге» қатысты әрекетін қадағалайды
Ресей Лондон мен Париждің «ядролық қару беруге» қатысты әрекетін қадағалайды,-дейді Песков
Дмитрий Песков мәлімдеуінше, Лондон мен Париждің Киевке ядролық қару немесе «лас бомба» беру ниеті Ресейді алаңдатуда.
Біз алдағы үшжақты келіссөздерде бұл мәселені сөзсіз көтеретін боламыз, – деді Песков.
Оның сөзінше, мұндай ақпарат халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіреді және тараптар арасындағы сенімге кері әсерін тигізеді.
Ресейдің ресми өкілі бұл тақырыпты дипломатиялық аренада белсенді түрде талқылайтындарын жеткізді.