Басты жаңалықтар

Елімізде 2026 жылдан бастап үй бағасы қымбаттаған

Осы жылы баспана құны күрт өскен.

2026 жылдың қаңтарында Қазақстанда жаңа салынған және екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы инфляция деңгейінен айтарлықтай асып түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Halyk Finance талдаушыларының дерегінше, жаңа үйлердің бағасы бір жылда 17 пайызға ал қайталама нарықтағы баспана құны 13,6 пайызға қымбаттаған. Алматы мен Павлодар және Ақтөбе қалалары бойынша үйлердің бағасы көш бастап тұр.

Бір жылдың ішінде инфляциямен қатар пәтер жалдаудың да бағасы орташа есеппен 12,5 пайызға артқан. Жалдамалы пәтердің бағасы Павлодар мен Петропавл және Ақтөбе қалаларында күрт өскен.

Қазақстан бойынша өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда қаңтарда үй сатып алушылар қатары төмендеген. Көбінесе Астана мен Алматы қалаларында және Қарағанды облысында баспана алушылар болған.

Сарапшылар осы жылы салық өзгерістері мен ипотекалық талаптардың күшеюіне байланысты баспанаға деген сұраныстың азаюы мүмкін екенін айтады.