Қала ортасында жалаңаш жүрген қостанайлық жазаланды
56 жастағы ер адам не үшін шешініп жүргенін айтпады.
«Абай көшесінің бойында жалаңаш жүрген 56 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Қазір ол ұсталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол «Бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды» , - делінген облыстық ІІД хабарламасында. Ақпаратты облыстық ІІД растап отыр. Оқиға 12 шілде күні Қостанай қаласында болған. Полицейлер ер адамның не үшін шешініп жүргенін айтқан жоқ.