Қоғам

Солтүстік Қазақстанда жүзден астам елді мекен су басу қаупінде

Солтүстік Қазақстанда жүзден астам елді мекен су басу қаупінде тұр,-деп хабарлайды Kyn.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында қар еріп, өзендерден су тасу қаупі бар. Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров хабарлағандай:

38 елді мекен өзенге өте жақын орналасқан, су деңгейі көтерілсе қиындық тудыруы мүмкін.

12 елді мекенге су келу қаупі аса жоғары.

62 елді мекен еріген қар суы ағатын жолдар бойында орналасқан, бұл да су тасу қаупін арттырады.

Сонымен қатар, Алдамжаров Ақмола, Шығыс Қазақстан және ішінара Қарағанды облыстарында да су тасу қаупі бар екенін ескертті.

Тұрғындарға өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сақтық шараларын күшейту және жергілікті билікпен байланыста болу ұсынылды.