Қоғам

«Еш себепсіз ұрып-соққан»: Қарағандыда жасөспірімдер арасындағы жанжал жұртты шулатты

Қарағандыда жасөспірімдер арасында жанжал әлеуметтік желіні шулатты,-деп хабарлайды Kyn.kz.

Қарағанды қаласында жасөспірімдер қатысқан қатыгез оқиға тіркелді. Зардап шеккен қыздың анасы Надежда Кошелдің айтуынша, төбелес кешкі уақытта 12-шағын ауданда болған.

Оның сөзінше, бірнеше оқушы қызды қоршап алып, еш себепсіз шабуыл жасаған. Бұған дейін олардың арасында ешқандай жанжал немесе дау болмағаны айтылды. Ең сорақысы – жасөспірімдер соққыға жығу сәтін видеоға түсіріп алған.

Оқиғаға байланысты 16 жастағы ұл мен 17 жастағы қыз ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Бұл жағдай жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды.