Денсаулық

Қазақстандық ана сау баласы екпеден кейін сал болып қалғанын айтты (Видео)

«Екпеден кейін баламның қолы істемей қалды»: Қазақстандық ана әлеуметтік желіде дабыл қақты,-деп хабарлайды Kyn.kz.

Әлеуметтік желіде қазақстандық ананың қызылшаға қарсы екпеден кейін баласының денсаулығында ауыр асқыну болғаны туралы видеосы тарады. Оның айтуынша, екпеге дейін бала сау болған, алайда вакцина алғаннан кейін сол қолы қозғалмай қалған.

Анасы жеті айдан бері түрлі медициналық мекемелерге жүгініп жүргенін айтады. Ол екпе алдында дәрігерлерге сенгенін, алайда болған жағдайға қатысты нақты түсіндірме ала алмағанын жеткізген.

Сонымен қатар, қоғамда екпе алу мәселесіне қатысты заңнамалық өзгерістер талқыланып жатқанын атап өтіп, ата-аналарды шешімді асықпай, мұқият қабылдауға шақырды. Оның сөзінше, бала денсаулығына қатысты әр қадам жан-жақты тексеріліп, дәрігерлік кеңеспен жүзеге асуы тиіс.

https://www.instagram.com/reel/DVLJS66iIlu/?igsh=bTAyNGE2ODc3Z3pp