Басты жаңалықтар

Алматыда 13 жастағы қызды АИТВ жұқтырған әкесінің досы зорлады

Ер адамның досы оның 13 жастағы қызын зорлап, қылмысынан жалтарған.

Алматыда 13 жастағы қызды өз әкесінің досы зорлады деген ақпарат тарады. Күдікті АИТВ жұқтырған адам болғаны туралы дерек айтылады. Бұған қатысты Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл оқиға 2025 жылы 1 қыркүйекте болған. Қыздың анасы колонияда жазасын өтеп жүрген. Жұмыстан кейін ішімдік ішіп, көлік басқарғаны үшін сотталған. Оған қызының зорланғаны туралы ешбір мемлекеттік орган ресми түрде хабарламаған. Әйел бұл жағдайды тек алты ай өткен соң ғана білген.

Қыз балаға психологиялық көмек те көрсетілмеген. Күдіктінің туыстары, адвокаттары және әкесі қысым көрсетіп, қыздың өзін кінәлі еткен.

Сөйтіп жәбірленуші сотта бірінші берген айғағын өзгерткен. Анасы адвокат дайындаған жазбаша түсініктеме шынайы жағдайға сәйкес келмейтінін айтады.

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділовтың айтуынша, қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қолға түсті.