Эпштейн Кәрім Мәсімов және Келімбетовпен таныс болған": депутат онымен байланыста болған шенеуніктерді тексеруді талап етті
Депутаттар қазақстандық элитаның Эпштейнмен байланысын тексеруді талап етті.
Мәжіліс отырысында депутат Асхат Рахымжанов Бас прокурор мен ҰҚК төрағасының атына депутаттық сауал жолдап, қазақстандық жоғары лауазымды тұлғалардың Джеффри Эпштейнмен ықтимал байланыстары туралы ақпаратты тексеруді талап етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәжілістің пленаралық отырысында фракция жетекшісі Асхат Рахымжанов бұл мәселе ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін екенін жеткізді. Айтуынша, "Эпштейн файлдарында" аталған қазақстандық лауазымды тұлғалар мен олармен байланысы бар адамдар туралы ақпарат тексерілуі керек.
«АҚШ-тағы атышулы іс бойынша жарияланған құжаттарда сотталған Кәрім Мәсімовтің есімі бірнеше рет аталады. Ол жерде Эпштейн мен Мәсімовтың жеке таныс болғандары айтылған. Осы кезде «қазақстандық жоғары лауазымды шенеунікке Эпштейнмен кездесу неліктен керек болған?» деген сұрақ туындайды. Ол жерде Келімбетовтің де аты аталған. Тіпті бірнеше рет жеке хат алысулар болған. Кездесулердің сипаты, мақсаты анықталуы тиіс. Сондай-ақ құжатта “мемлекеттік қауіпсіздікке жауапты жоғары шенді генерал” белгісіз тұлға да аталады. Сонымен қатар Қазақстан аумағында немесе шетелде Джеффри Эпштейнмен қазақстандық саясаткерлердің, кәсіпкерлердің және шоу-бизнес өкілдерінің байланысы болған-болмағанын анықтау қажет. Бұл қатарға бейресми кездесулер, жабық келіссөздер, ақпарат алмасу сияқты кез келген өзге де байланыс түрлері кіреді”, – деді депутат.
Асхат Рақымжанов уәкілетті органдардан аталған тұлғалар мен олармен байланысты адамдарға қатысты ақпаратты, кездесулердің сипаты мен мақсатын тексеруді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке ықтимал қатерлерге құқықтық баға беруді сұрады.
“Жоғары лауазымда болған қазақстандық шенеуніктердің файлда аты аталғаны бірнеше сұрақ туындатады. Мұндай деңгейдегі шенеуніктердің моральдық келбеті мен байланыстары жеке өмір мәселесі емес, мемлекеттің қауіпсіздігі мен беделіне тікелей қатысты. Эпштейн қандай мақсатта Қазақстанға бірнеше рет келді? Неге жоғары лауазымды қазақстандық шенеунік Эпштейнмен кездесуге мүдделі болды? Қазақстан азаматтары ел тағдыры кімнің қолында болғанын және ол жабық, күмәнді беделі бар клубтарда саудаға түскен-түспегенін білуге құқылы”, – дейді депутат.
Сондай-ақ, Асхат Рахымжанов Эпштейннің кәмелетке толмағандарды жыныстық қанау желісін ұйымдастырған тұлға ретінде танылғанын, оның саяси, қаржылық және барлау орталарымен тығыз байланысы болғанын еске салды. Осыған байланысты қазақстандық жоғары лауазымды шенеуніктердің мұндай адаммен байланысы сұрақ туындататынын айтты.
Джеффри Эпштейн — америкалық қаржыгер және тұтқындалған кішкентай қыздарды жыныстық зорлаумен айыпталған адам. Ол өзінің бай әрі ықпалды адамдар арасындағы байланыстары арқылы өзінің атағын және ақшасын арттырды, бірақ сонымен қатар көптеген ауыр қылмыстар жасап, ел назарын аудартты.
Ол бұрын математиканы үйреткен және қаржы саласында жұмыс істеген.
Эпштейн 2000-шы жылдардың басынан бастап он шақты жасөспірімдер мен қыздарды жыныстық зорлаумен және жезөкшелікке тартумен айыпталды:
• 2005 жылы полиция оған 14-жастағы қызды зорлады деген күдікпен тергеу бастады.
• 2008 жылы ол кәмелетке толмағанға флирт жасау және жезөкшелікке тарту бойынша айыпты деп табылды, 13 ай түрмеде отырды.
• 2019 жылы тағы да ауыр айыптармен тұтқындалды (сексуалды адам саудасы), бірақ қылмыстық іс бойынша сотқа жеткізілгенге дейін Нью-Йорк түрмесінде өзіне қол салды.